Түркістан облысында 50-ден астам көше жөнделіп жатыр

0
615

Тұрғындар жұмыспен қамтылуда.


Түркістан облысында 50-ден астам көше жөнделіп жатыр

Түлкібас ауданында 54 көше жөндеуден өтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында биыл жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайтын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 36 шақырымдық 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 11,24 шақырымы пайдалануға берілген. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында толық аяқталатын болады.

Сонымен қатар, ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 6 жоба іске асырылуда. Олар – 3-і мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-і инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында. Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 адам жұмылдырылса, оның 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр.