Түркістан облысында 54 көше жөнделіп жатыр

0
700

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы – 36 шақырым құрайтын 35 көше жөнделеді.


Түркістан облысында 54 көше жөнделіп жатыр

Түлкібас ауданында 54 көше жөндеуден өтіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 54 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биылғы жылы аудан бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы – 36 шақырым құрайтын 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі.

Ал, жалпы алатын болсақұзындығы 67,88 шақырымды құрайтын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: 19,3 шақырым болатын 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 49 шақырымды құрайтын 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 14,24 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталып пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

«Жол қадірін жолаушы біледі» демекші, соңғы кездері Түлкібас ауданына қарасты ауылдардың ішкі көшелерінің бойынан жаяу жүргіншілерге арналған тратуарлар да көптеп салынуда. Бұл игі істердің барлығы табиғаты тамаша ауданның көркін одан сайын аша түспек.