Түркістан облысында 57 туристік маршрут әзірленіп отыр

0
1 662

Түркістан облыстық мәслихатының 38-ші сессиясы өтті.


Түркістан облысында 57 туристік маршрут әзірленіп отыр

Туристер облысқа тек бір күнге емес, бірнеше күнге саяхаттауға келуі тиіс. Бұл бағытта қазіргі таңда экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленіп отыр – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында өткен Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті.

Соның бірі - Қасқасу туристік-рекреациялық кешені.Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45 000 – 110 000 туристер қабылдауға мүмкіндік бар. Құрылыс барысында 1900 жұмыс орнымен және іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ «Зияратшылар орталығы» ғимаратын қайта құрылымдап, оны «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығына» қайта жасақтау жұмысы қолға алынбақ. Орталық дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін ұсынады. Керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю. Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы ашылады..

Түркістан облыстық мәслихатының 38-ші сессиясының күн тәртібінде түрлі салалар қамтылған 19 мәселе талқыланып, маңызды шешімдер қабылданды.