Түркістан облысында Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

0
1 861

Форум аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.


Түркістан облысында Әлеуметтік идеялар мен  жобалар жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласында «Азаматтық қоғам және мемлекет: диалог, әріптестік және жауапкершілік» тақырыбында облыстық VIII Азаматтық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Форум аясында «Үкіметтік емес ұйымның ұйымдық дамуы» және «Жастар ұйымдарының азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі. Еріктілер қозғалысын дамыту» тақырыптарында екі пленарлық секция өтті. Онда дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Асылбек Ноғаев, Облыстық салауатты өмір салтын тыру орталығы атынан сөз алған Ақерке Қаһраманова жастарды керағар ағымдардан сақтандыру, салт дәстүрлердің негіздерін үйрету, нашарқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Келелі басқосуда үкіметтік емес ұйымдардың беделі мен әлеуетін қалай көтереміз? Елді өркендетіп, Түркістанды гүлдендіру үшін қоғамдық бірлестіктер не ұсына алады? Билік тарапынан азаматтық қоғамды дамыту үшін қандай қолдау қажет? - секілді мәселелер төңірегінде орамды ойлар мен ұсыныстар айтылды.
Форум аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Сондай-ақ, өңірдегі ең белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдеріне де құрмет көрсетіліп, республикалық ҮІІІ азаматтық форумға баратын делегаттардың тізімі бекітілді.