​Түркістан облысында алғаш рет студенттерге қызмет көрсететін орталық ашылды

0
2 050

Орталықта 40-тан аса мемлекеттік қызмет көрсету түрлері көрсетіледі.


​Түркістан облысында алғаш рет студенттерге қызмет көрсететін орталық ашылды

018 жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Түркістан облысы бойынша филиалының бастамасымен Аграрлық колледжде «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орталықтың негізгі мақсаты - цифрландыру жүйесімен барлық салалардағы мүмкіндіктерді пайдалану, жастарды цифрлық-электронды түрде қызмет алуға үйрету және электрондық үкіметпорталында қызмет алу дағдыларын жетілдіру.

Осылайша, орталықта 40-тан аса мемлекеттік қызмет көрсету түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ, жатақханаға орналасу, сынақ кітапшасын алужәне т.б.

Іс-шарада Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев бүгінгі күні Қазақстанның электронды үкіметті дамыту саласындағы жетістіктерін әлем мойындағанын атап өтіп, Елбасы Жолдауына сәйкес, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетуді 90% электронды жүйеге көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.

Соның бір айғағы, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгін колледж студенттеріне қызмет көрсету орталығы ашылып отырғанын тілге тиек етті.

Ал, Корпорация басшысы Е.Жеңісбеков колледж оқытушылары мен студенттерге картрейдер арқылы жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен (электронды цифрлық қолтаңба) e.gov порталынан қажетті құжат түрлерін алуға болатынын айтты.

Шара барысында колледж директоры Г.Бекбергенова ашылып отырған орталықтың жұмысын тиімді жүргізу үшін колледж мамандары ХҚКО тағлымдамадан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болғанын және орталықтың ашылуымен 2000-ға жуық студенттің уақытын үнемдеуге жол ашылғанын, сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндігін беріп отырғанын және «SMART-колледж» бағдарламасы енгізілгенін айтып өтті.

Бұған қоса, «НұрОтан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының қолдауымен студенттер бұл орталықта Тассай тұрғын алабының тұрғындарынақызмет көрсететін болады деп мәлімдеді.

Шара соңында Ғ.Тұрсынбаев елімізде цифрландыру жүйесімен барлық салалар қамтылып келетінін айта келе, бар мүмкіндіктерді пайдаланып жастарды электронды түрде қызмет алуға шақырды және бұл бастаманы облыстың барлық оқу орындарында енгізуді ұсынды.