Түркістан облысында апатты мектептер жойылып жатыр

0
2 396

Өңірдегі апатты деп танылған 7 және үш ауысымды 5 мектептің мәселесі шешілді.


Түркістан облысында апатты мектептер жойылып жатыр

Түркістан облысында апатты мектептердің орнына жаңа білім ұялары бой көтеруде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында апатты мектептердің орнына жаңа білім ұялары бой көтеруде. Өңірдегі апатты деп танылған 7 және үш ауысымды 5 мектептің мәселесі шешілді. Ол үшін облыстың 2020-2025 жылдарға арналған білім саласына қатысты нысаналы индикаторына өзгеріс енгізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келісім алынды. Апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша кешенді жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша 52 мектептің құрылысы жүруде.

2020 жылы 2 апатты мектептің (Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Достық елді мекеніндегі 300 орындық мектебінің құрылысы және Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округі Тын елдімекеніндегі 300 оқушы орындық мектептің құрылысы) және 2 үш ауысымды мектептің (Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы елді мекеніндегі №58 Ә.Марғұлан атындағы орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, спорт залы, асхана және шеберханалар құрылысы және Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы «Самал» шағын ауданындағы 900 орындық мектебінің құрылысы) құрылысы басталып 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

2021-2023 жылдар аралығында 4 апатты мектептің (Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі, Тұрбат елді мекеніндегі 300 орындық Т.Тула атындағы мектебінің құрылысы, Қазығұрт ауданы, К.Абдалиев ауылдық округі, Рабат елді мекеніндегі 200 орындық П.Тажибаева атындағы мектебінің құрылысы және Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округі, Бағыс елді мекеніндегі 300 орындық №23 Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің құрылысы, сонымен қатар, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі 300 оқушы орындық Р.Қошқарбаев атындағы №37 орта мектептің құрылысы) және 2 үш ауысымды мектептің (Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Болашақ мөлтек ауданынан 300 орындық мектебінің құрылысы және Қазығұрт ауданы, Амангелды ауыл округі, Амангелды елді мекеніндегі 150 орындық мектептің құрылысы) мәселесі шешілмек.