Түркістан облысында аумағы 1 гектар лимон бағы бар

0
686

3 жылдан кейін ғана жемісін көріп жатыр.


Түркістан облысында аумағы 1 гектар лимон бағы бар

Түркістан облысында аумағы 1 гектарды құрайтын лимон бағы бар, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Шымыр-Медет» жылыжайында лимон ағаштары алғашқы жемісін бере бастады. Аталған ерекше жеміс өсіріп жатқан ылыжайдың жалпы көлемі 1 гектар аумақты құрайды. Онда 2000 түп лимон көшеті отырғызылған.

«2017 жылы жылыжай ісін қолға алған болатынмын. Араға 3 жыл салып төккен тердің жемісін көру бақыты бұйырыпты, қуаныштымын әрине. Қандай да бір шаруа болмасын алдымен қызығушылық таныту керек. Өзім зейнет жасындамын. Еңбек еткен адам ғана нәтижеге қол жеткізетіндігі анық», - дейді жылыжай иесі Зейнеп Жолдасова.

Айта кетсек, Қайнарбұлақ ауыл округіндегі лимон бағы жабық топырақта өсірілетін облыс көлеміндегі ең үлкен жылыжай болып саналады. Бұл жылыжай ісі бүгінде отбасылық кәсіпке айналып кеткен. Кәсіпкер алдағы уақытта мол өнім жинап, облыс аймағы мен Шымкент қаласында саудалауды жоспарлап отыр. Ел аумағында сирек өсірілетін өнімді өсіріп отырған отбасыға мемлекет тарапынан да жеңілдіктер қарастырылады.