Түркістан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып жатыр

0
1 308

Балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, тиісті қолдаулар көрсетілуде.


Түркістан облысында балық шаруашылығы қарқынды дамып жатыр

Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды дамуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі таңда, онда балық өсірумен айналысатын 7 шаруа қожалық бар.

Соның бірі Жаскешу ауылдық окуругіндегі «Юлдуз-2» серіктестігі. Аталған қожалықтың балық өсіріп келе жатқанына 2 жыл болған. Алты гектар аумақты алып жатқан жасанды су тоғанға кәсіпкер бастапқыда 14,5 мың сазан, карп және дөңмаңдай (толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберген. Бүгінде шаруашылық алғашқы жемісін бере бастаған. Мәселен, қожалық иесі орташа есеппен айына 300 келі балықты аудан және Шымкент қаласының сауда орталықтарына өткізіп келеді.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстарды дамыта түсу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, тиісті қолдаулар көрсетілуде.