Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты (видео)

0
760

Үйлерге су кіріп, мал шығыны орын алған.


Түркістан облысында бірнеше ауылды су басты (видео)

Қазығұрт ауданында нөсер жауынның салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басу жағдайлары тіркелді. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу мақсатында ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда.

Атап өтсек, 2022 жылдың 24 сәуірінде Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыс нысаныың ішіне су кірген. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйлеріне жіберілген. Сондай-ақ, мал шығыны бар.


Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде. Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар арқылы көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен түні бойы жүргізілді.


Жұмысқа ТЖ Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 бірлік техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа тартылып, суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылып жатыр.