Түркістан облысында бірнеше бизнес-нысан кітапханаға айналды

0
592

Кәсіпкерлер жұмысы тоқтаған тойханадардың бағытын басқа салаға бұрып жатыр.


Түркістан облысында бірнеше бизнес-нысан кітапханаға айналды

Сайрам ауданында бизнес-нысандар кітапханаға айналып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сайрам ауданында бір жылдың ішінде тойхана, кеңсе және мейрамхананың орнына 3 кітапхана ашылып, нысандар кітапхана үлгісімен қайта жабдықталды. Яғни ауданның кәсіпкерлері білім саласына көңіл бөліп, пандемия басталғалы жұмысы тоқтаған тойханадардың бағытын басқа салаға бұрып жатыр.


Осы орайда Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында демеушілер есебінен жасақталған үш жаңа кітапхана ашылды. Атап айтсақ, Қарасу ауылындағы жеке кәсіпкер Байсейіт Жамалбеков жеке кеңсесін сыйға тартқан. Ал, Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер Р.Халжалилов салтанат сарайының бірінші қабатын кітапханаға айналдырды. Қазір мұнда интернет желісі тартылып, кітап қоры жинақталуда. Сәні мен салтанаты келіскен сарай енді тойшыл қауымға емес, білімпаз жастарға қызмет көрсетеді.


Бұдан бөлек, Қарамұрт ауылдық округіндегі ашылған кітапхана жеке кәсіпкер Бахадыр Азимбайұлының тартуы. Бұрын мейрамхана болған ғимаратта бүгінде оқырманға барлық жағдай жасалған. Мәдени ошақтың тұсаукесер рәсіміне аудан басшылы мен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының басшылары бастаған ел ағалары қатысты. Айта кетейік, бүгінде аудандағы 21 кітапханада 4200 кітап қоры бар екен.