​Түркістан облысында биыл 3315 жаңа жұмыс орындары ашылған

0
1 026

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 24478 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.


​Түркістан облысында биыл 3315 жаңа жұмыс орындары ашылған

Түркістан облысында биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.
"2018 жылдың 19 маусымында Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойып, облыс орталығы етіп Түркістан қаласын бекіткен болатын. Осылайша талай ғасыр артқа салып Түркістан тарихи мәртебесін қайта иеленді", – деді облыс әкімі.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 24478 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.
Медицина саласында облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елді мекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынды, 2019 жылы 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланды.
Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 төсек-орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүруде.