Түркістан облысында бокстан Республикалық турнир өтеді

0
1 539

Аталмыш жарысқа еліміздің әр аймағына спортшылар қатысады.


Түркістан облысында бокстан Республикалық турнир өтеді

Бокс спортынан «Шардара кубогы – 2019» жарысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақпан айының 01-05 күндері аралығында Түркістан облысы Шардара қаласының спорт кешенінде бокс спортынан 2005-2006 және 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы «Шардара кубогы – 2019» Республикалық турнир өтеді. Дүбірлі додаға еліміздің барлық облыстарынан, аудандарынан спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, «Спорт-діни экстремизмге қарсы» ұранымен 11-13 қаңтар күндері грек-рим күресінен және 25-27 қаңтар күндері дзю-до күресінен жасөспірімдер арасында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өткізіледі.

дереккөз: Шардараспорт-ақпарат