Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

0
563

2116 адам коронавирустық инфекциядан жазылып шыққан.


Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өмірзақ Шөкеев қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында коронавирустық инфекцияның расталған 2615 жағдайы тіркелген. Соңғы бірнеше күн бойы бір күндік өсім 0.9 пайызды құрап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік жиында айтылды.

Облыс бойынша соңғы 1 аптаның аралығында аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 14,2 пайызға төмендеген. Яғни, аурушаңдықтың төмендеу үрдісі байқалады. Атап өтсек, індет облыстың барлық аудан, қалаларында тіркелген.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 2116адам коронавирустық инфекциядан жазылып шыққан. Инфекциялық стационарларда 124 науқас емделіп жатыр. Сонымен қатар, симптомдары жоқ569тасымалдаушылар амбулаториялық ем қабылдау үстінде.

Осы орайда облыс басшысы карантин режимі талаптарының қатаң орындалуын мониторингілеу бойынша мобильді топтың жұмысын жандандырып, қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, қазір уақытта облыстың барлық аймағында карантин талаптарын қатаң сақтау бойынша қажетті іс-шаралар тұрақты түрде атқарылып жатыр.