​Түркістан облысында ерлі-зайыптылар телефон арқылы ажырасып кетті

0
2 051

Кентау қалалық сотында дәл осындай іс қаралды.


​Түркістан облысында ерлі-зайыптылар телефон арқылы ажырасып кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында кентаулық екі келіншек шетелдік күйеулерімен шекара аспай-ақ өз үйлерінде отырып, қолдағы ұялы телефонның көмегімен-ақ ажырасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Кентау қалалық сотында дәл осындай іс қаралды. 2014 жылы түрік жігітіне тұрмысқа шыққан 27 жастағы К.В.2018 жылдың маусым айында сотқа ажырасу туралы талап арыз берген. "Виртуалды сот" жобасының нәтижесінде Катя сонау Түркияның Агры қаласындағы күйеуімен Кентау қаласының аумағынан аспай-ақ ұялы телефон арқылы ажырасты.

2013 жылы Ресей азаматымен қол ұстасып, көңіл жарастырған Түркістан облысының тұрғыны 49 жастағы О. В. да жақында ғана сотқа некесін бұздыру туралы арызданған болатын. Кентау қалалық сотында Ольганың талап арызы бойынша жауапкер Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының тұрғыны Р.-мен араларындағы заңды некесін бұзу туралы арызы бойынша азаматтық істер ұялы телефон көмегімен бейнекоференцбайланыс арқылы қаралған. Нәтижесінде, аз уақыттың ішінде екі елде жүрген бұрынғы ерлі-зайыптылар некесін бұзу туралы өтініш арызы онлайн режимде қаралып, іске нүкте қойылды.

"Ол үшін смартфоныңызға TrueConf қосымшасын орнатып алуыңыз қажет. Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл «Жеті түйін» бағдарламасының «Виртуалды сот» жобасының оң нәтижесі. Сот процестерін виртуалды режимде өткізу азаматтардың уақыттарын және материалдық ресурстарын үнемдеп, сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжеткізуді қамтамасыз етуде", -деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.