Түркістан облысында​ «Ислам және жастар» атты облыстық діни семинар болып өтті

0
2 638

Жиында қазіргі қоғамдағы болып жатқан келеңсіздіктін алдын алу туралы сөз қозғалды.


Түркістан облысында​ «Ислам және жастар» атты облыстық діни семинар болып өтті

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында имамдар мен жастар ісі жөніндегі мамандармен семинар өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда діни экстремизм қаупінің өршуіне көпшілік қауымның діни білімі мен рухани өрісінің жетімсіздігі тікелей әсер етіп отырғандығы белгілі.
Осы орайда жергілікті билік пен орталық мешіт имамы мен жастар арасында діни экстремизмнің мәнін ұқтыру және өскелең ұрпақтың экстремистік ағымдарға түсіп кетпеуінің алдын алу бағытында құқықтық түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрады. Осыған орай Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қалалық орталық мешітінде «Ислам және жастар» атты облыстық діни семинар болып өтті.

Семинар жастар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға ҚМДБ-ның наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, 14 ауданның бас имамдары және жастар ісі жөніндегі мамандар қатысты.