Түркістан облысында қар құрсауында қалған 33 адам құтқарылды

0
2 457

Бұл жайлы хабарлама 101 кезекшілік пультіне келіп түскен.


Түркістан облысында қар құрсауында қалған 33 адам құтқарылды

Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеріп, толассыз жауған жаңбырдың соңы қалың қарға ұласып, облыстық маңызы бар жолдар жабылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Созақ ауданы, Құмкент елді мекенінің жанында, облыстық маңызы бар «Созақ – Тараз» тасжолының 45 шақырымында, көктайғақ салдарынан жолдың шетіне «YUTONG» жолаушылар тасымалдайтын автобусы шығып кеткен. Бұл жайлы хабарлама 101 кезекшілік пультіне келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы ТЖД 15 қызметкері мен техникасы «YUTONG» автобусын жолдың тазартылған бөлігіне алып шықты. Автобус ішінде 29 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. ТЖД құтқарылған адамдарды Шолаққорған ауылына жеткізу барысында жолда Құмкент ауылында қар құрсауында қалып қойған 4 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйелді, 1 баланы құтқарды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 14 наурыз күні барлық құтқарылған 33 адам Шолаққорған ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.