Түркістан облысында қатты желден мектептің шатыры қирады

0
824

Зардап шеккендер мен қаза тапқнадар жоқ.


Түркістан облысында қатты желден мектептің шатыры қирады

ERNUR.KZ. Түркістан облысында қатты соққан желден жергілікті ауылдық мектептің шатыры қирады, деп жазады Tengrinews.kz.

Түркістан облысының Төле би ауданы Жыланбұзған ауылында жел екпіні секундына 26 метр болып, ауылдағы үш қабатты орта мектептің (көлемі - 1000 шаршы метр) шатырын жұлып кетті.

Зардап шеккендер мен қаза тапқнадар жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мен комиссия жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін Astana Arena спорт кешені шатырының бір бөлігі қалың қардың салдарынан қирағаны хабарланған еді.