Түркістан облысында Қажымұқанға арналған көрме өтті

0
606

Құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер көрермен назарына ұсынылды.


Түркістан облысында Қажымұқанға арналған көрме өтті

Түлкібас ауданында "Қазақ даласының батыры-Күш атасы Қажымұқан" тақырыбында көрме өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын атап өту аясында Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы аудандық өлкетану музейіне "Қазақ даласының батыры-Күш атасы Қажымұқан" тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.


Аталған көрмеде Қажымұқанға қатысты құнды жәдігерлер мен құжаттар, өмір жолын айғақтайтын суреттер көрермен назарына ұсынылды.


Іс-шараға Қажымұқанның көзін көрген, өнер көрсету кезінде пайдаланған тасын 75 жыл сақтап, 2018 жылы музей қорына өткізген қарт ана Жаңыл Бекбауова қатысты. Қария естеліктермен бөлісіп, батасын берді.