Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды

0
1 013

Әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтел белгілері болған.


Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды

22 жастағы жүкті әйел Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 27- сәуір күні ауыр халде жеткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Толық медициналық тексеру жүргізілген соң, одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған. Аяғы ауыр әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтел белгілері болған. Сонымен қатар әйелдің жүктілігі ауыр өткені белгілі болады.

Дәрігерлер шұғыл түрде гемотрансфузия жасап, ем-дом жүргізеді. Аурухананың білікті дәрігер-реаниматолог, гинеколог және акушер құрамы жүкті әйелді сәтті босандырып алды.

Салмағы 3400 гр ұл бала дүниеге келген. Сәби оқшауланып №3 Түркістан облыстық перзентхана дәрігерлерінің қадағалауында.

Жаңа туылған нәрестеден COVID-19-ға талдау алынған. Нәтижесі жақын уақытта белгілігі болады.

Дәрігерлердің айтуынша, бала өзін жақсы сезінеді. Жаңа босанған ана жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Науқастың жағдайы бірқалыпты.