Түркістан облысында мектепке дейінгі мекемелер қауымдастығы құрылды

0
909

Жұмыс сапарымен Қазақстанның мектепке дейінгі мекемелері қауымдастығының төрайымы Лейла Куленова Түркістанға келді.


Түркістан облысында мектепке дейінгі мекемелер қауымдастығы құрылды

Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын жүйелендіру мақсатында Лейла Куленова Түркістан облысына арнайы сапармен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуге қала мен облыстың 50-ге жуық жеке меншік балабақша басшылары жиналды. Кездесуге сондай-ақ, білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері, облыстық адам дамуы жөніндегі басқармасы, Стратегия және экономикалық даму департаменті, Қаржы және мемлекеттік активтер департаменті басшыларының орынбасарлары мен мамандары қатысты.

Кездесуді ашқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Махмут мектепке дейінгі білім беру мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестіктің ең танымал және ізденуші бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының төрайымы Лейла Куленова қауымдастықтың атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтты. Оның айтуынша, кәсіпкерлерге құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.

"Кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау мақсатында 2012 жылы Қазақстанның мектепке дейінгі мекемелері қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда қауымдастық 900-ден астам кәсіпкерлік субъектілерді біріктіреді және білім беру саласындағы кәсіпкерлерінің мүдделерін қорғайды. Қауымдастықтың филиалдары ресми түрде республиканың 13 аймағында жұмыс істейді. Сондықтан сіздерді заңдық біліктіліктеріңізді жетілдіруге шақырамыз", - деп атап өтті Лейла Куленова.

Кездесуде Түркістан облысының Қазақстан мектепке дейінгі мекемелеі қауымдастығы филиалының төрағасының кандидатурасы таңдалды. Бірауызды шешіммен Қауымдастық төрағасы Кентау қаласындағы «Согдиана» балабақшасының негізін қалаушы Дилдар Хабибова сайланды.

Айта кету керек, Түркістан облысында барлығы 1424 мектепке дейінгі мекеме бар, оның 526-сы мемлекеттік, 902-і жекеменшік, яғни Түркістан облысында ашылған әрбір екінші балабақша кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие 150 мыңнан астам баланы қамтиды, оның ішінде 101 мың бала жеке мектепке дейінгі ұйымдарға барады.