Түркістан облысында ревакцинация жалғасып жатыр

0
940

Ревакцинация үшін 82 440 вакцина жеткізілген.


Түркістан облысында ревакцинация жалғасып жатыр

Түркістан облысында 81 629 адам ревакцинация алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда Түркістан облысы коронавирус инфекциясының аурушаңдығы бойынша Республика бойынша сары аймақта. Облыс аумағында ревакцинация жалғасуда. Ревакцинация үшін 82 440 вакцина жеткізіліп, 81 629 адам екпе қабылдаған. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова мәлімдеді.


“Түркістан облысында Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын егу жұмыстары жалғасуда. Облыстық вакцина сақтау қоймасына вакцинаның 427 050 дозасы жеткізілген. Қазіргі сәтте вакцинаның І-компоненті 122 360 адамға, II-компоненті 58 210 адамға егілді. Ескере кететін жайт, жасөспірімдерді вакцинациялау ата-анасының рұқсатымен немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады”, – деді Алтын Мейрамбайқызы


Сонымен қатар, облыстағы медициналық мекемелерде дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтардың 2 айлық резервтік қоры бар. «СҚ-Фармация» ЖШС-не дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтардың қосымша қорына тапсырыс беріліп, олардың кезектен тыс жеткізілу жұмыстары ұйымдастырылған. Вакцинациялау жұмыстары облыс көлемінде жоспарға сәйкес жүргізілуде.