Түркістан облысында төрт ауданның шекарасы белгіленді

0
1 910

Түркістан облысының әкімдігінде облыстық мәслиxат депутаттары жаңадан құрылған Жетісай, Мақтарал, Келес және Сарыағаш аудандарының шекарасын белгіледі.


Түркістан облысында төрт ауданның шекарасы белгіленді

Шымкенттегі Түркістан облысының әкімдігінде облыстық мәслиxат депутаттары жаңадан құрылған Жетісай, Мақтарал, Келес және Сарыағаш аудандарының шекарасын белгіледі, деп xабарлайды ERNUR.KZ Аzattyq.org сайтына сілтеме жасап.

Мәслихаттың кезектен тыс өткен жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының тексеру комиссиясының төрағасын сайлау, әдеп жөніндегі комиссия құру және төрт ауданның шекарасын белгілеу мәселелері қаралды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуы бойынша Сарыағаш ауданының аумағы 117 мың гектар, Келес ауданының аумағы 345 мың 120 гектар, Жетісай ауданының аумағы 104 мың 602 гектар, Мақтарал ауданының аумағы 80 мың 767 гектар жерді құрайды.