Түркістан облысында ұстаздарға құрмет көрсетілді

0
1 981

Облыстық білім басқармасының қолдауымен және Түркістан Яссауи кәсіби колледжі мен Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов биыл бұл жиын облыс көлемінде бірінші рет Түркістан қаласында өтіліп жатқандығын айта келе, ұрпақ тәрбиелеу жолында толымды еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына ізгі тілегін білдірді.


Түркістан облысында ұстаздарға құрмет көрсетілді

Қаламыздағы орталық «Жеңіс» саябағында ұстаздар күніне арналған «Ұстазым - сізге мың алғыс!» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыстық білім басқармасының қолдауымен және Түркістан Яссауи кәсіби колледжі мен Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов биыл бұл жиын облыс көлемінде бірінші рет Түркістан қаласында өтіліп жатқандығын айта келе, ұрпақ тәрбиелеу жолында толымды еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына ізгі тілегін білдірді.

Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін білікті тұлғалар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, мың бұралған бишілер мен жас әншілер оқытушыларға деген құрметін өнерлері арқылы көрсетті. Жүрекжарды поэзия оқылып, хор да айтылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз де білім нәрін сыйлаған мұғалімдерге өз алғыстарын жеткізді.