Түркістан облысында үздік ауыл әкімі анықталды

0
1 585

Оңтүстік өңірінің 10 әкімі бақ сынаған.


Түркістан облысында үздік ауыл әкімі анықталды

«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңі мәресіне жетті. Еске сала кетсек, конкурс 2020 жылдың маусым айында басталып, облысымыздың 10 ауылдық округінің әкімдері байқауға қатысуға ниет білдірген. Олар:

1) Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі – Бахтияров Нұрлыбек Пердебекұлы;

2) Кентау қаласының Оранғай ауылдық округінің әкімі – Пирметов Сиздик Хамзаевич;

3) Қазығұрт ауданының Алтынтөбе ауылдық округінің әкімі – Алибаев Данабек Нұрмаханұлы;

4) Отырар ауданының Талапты ауылдық округінің әкімі – Жіпсыбаева Динара Әбілхасімқызы;

5) Сайрам ауданының Жібек жолы ауылдық округінің әкімі – Тұраров Алмас Мейрбекұлы;

6) Сарыағаш ауданының Көктерек кентінің әкімі – Туржанова Үмит Оразбайқызы;

7) Созақ ауданының Сызған ауылдық округінің әкімі – Маманов Серік Сахиұлы;

8) Төлеби ауданының Кемеқалған ауылдық округінің әкімі – Дарибоев Дусимжон Кудайбергенович;

9) Түлкібас ауданының Майлыкент ауылдық округінің әкімі – Мусралиев Алимжан Асқарұлы;

10) Түлкібас ауданының Жаскешу ауылдық округінің әкімі – Керимкулов Жаныбек Маратович.

Конкурс барысында өңірлік комиссия үміткерлердің ауылдық аумақты дамыту бойынша таныстыру түріндегі жобалық жұмыстарын, сауалнамаларын, халықпен кері байланыс орнатуы бойынша қызметін, мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасын, «Үздік ауылы әкімі» атағына мен неге лайықпын» деген тақырыптағы эсселерін бағалап, әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін онлайн дауыс беру облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Өңірлік комиссия тарапынан ең көп балл жинап, өзгелерден озық шыққан 1 кезеңнің жеңімпазы болып Жетісай ауданының Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі – Бахтияров Нұрлыбек Пердебекұлы анықталды.