Түркістан облысында жаңа дзюдо залы ашылды

0
980

Нағыз талантты жастар ауылда – Ө.ШӨКЕЕВ.


Түркістан облысында жаңа дзюдо залы ашылды

Шардарада дзюдо залы ашылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Армрестлинг спортынан әлемге танымал жүйріктер шыққан Шардара өңіріндегі «Шардара армспорты» клубында дзюдо залы ашылды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесуге келген жастарға сәттілік тіледі.

«Армрестлинг деген сирек кездесетін спорт түрінен Шардара ауданының спортшылары ірі додаларда еліміздің атын әлемге паш етіп жүр. Шекара таңдамайтын спорт арқылы жерлестеріміз әлем жұртшылығына танымал. Денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен. Жалпы, спортпен шұғылданамын деген адам жер таңдамайды. Нағыз талантты жастар ауылда»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Дзюдо залында жергілікті ұл - қыздар жаттығатын болады. Қол күрес спортынан мықтылығын әлемге мойындатып келетін шардаралық жастар клубта бокс, күрес, каратэ, найза, ядро лактырумен шұғылданады. Облыс басшысының атынан кәсіби спортшыларға арналған америкалық спорт жабдықтары сыйға тартылды.

Айта кетейік, армрестлинг спорт мектебінен 2 мыңға жуық спортшы түрлі деңгейдегі жүлделердің иесі атанған. Клуб жаттықтырушылары 48 Әлем чемпионын, 316 ҚР чемпионын, 144 Азия чемпионын, 50 Азия кубогының иегерлерін, 85 Халықаралық турнирлер жеңімпаздары мен 62 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін тәрбиелеп шығарған.