Түркістан облысында жаңа «Нalyqtyq keńse» ашылды

0
2 145

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен» жасақталған.


Түркістан облысында жаңа «Нalyqtyq keńse» ашылды

Түркістан облысында Мақтаарал ауданындағы «Нalyqtyq keńse» өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде тұрғындар үшін тиімді қызмет түрін көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков халықтық кеңсенің қызмет көрсету барысын бақылады.

Ашық кеңістіктегі жаңа нысанда 8 дербес бөлімдер бар. Атап айтсақ, білім, жер қатынастары, ауылшаруашылық, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және экономика және қаржы, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 90 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп, тұрғындардың кедергісіз қызмет алуларына жағдай жасалған.

Сондай-ақ, мұнда электронды терминал арқылы кезек алу, анықтама бұрышы, электронды қызмет көрсету, күту залдары жұмыс істейді. Және де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен» жасақталды.

Халықтық кеңседе электронды цифрлық қолтаңба алуға, «e-gov» қызметі арқылы анықтамаларды алу, жәрдемақы тағайындауға өтініш, үй кезегіне тіркелу, жер, үй құжаттарын заңдастыру және халыққа қызмет көрсету орталығына брон жасауға жәрдем беретін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған.