​Түркістан облысында жаңа технологиямен өнім алу қолға алынбақ

0
2 007

Ғылым кандидаты туға өлкесін қолдау мақсатында бағдарламаны іске асыруға кіріспек.


​Түркістан облысында жаңа технологиямен өнім алу қолға алынбақ

Түркістан облысы, Келес ауданында Техника ғылымдарының кандидаты арнайы бағдарламаны іске асыруды қолға алмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстік аймағының жауын-шашынсыз күндерін барынша тиімді пайдалану, ашық алқапта жылына 3 рет көкөніс өнімдерін өндіруге жету – ауыл дихандарының алға қойған басты мақсаттарының негізгісі болып келген. Осы мақсатты іске асыру үшін көкөніс өнімін алудың ілгерілемелі жаңа технологиялық үдерістері бойынша зерттеулер жүргізу қажеттігі өткір сипат алды.

Осы мәселемен Техника ғылымдарының кандидаты Бердияр Есбатырұлы өзінің туған өлкесі – Келес ауданында төменде аталатын бағдарламаны іс жүзінде асыруға кірісіп отыр. Бердияр Есбатырұлының қадамына сәттілік тілей отырып, Келес ауданының әкімдігі оның бастамаларын жан-жақты қолдайтындығын білдіріп отыр.
Келес ауданы жағдайындағы ылғалды-ресурс сақтаушы технология үшін машиналар кешенін әзірлеу мен жасау есебінен жаңа, ғылыми технологиялық және техникалық шешімдер негізінде, жылына 3 рет өнім алудың агротехникалық іс-шараларын жүзеге асыру жолымен көкөніс өндіруді қарқынды дамыту бағдарламасын жасап шығып, іске асыру бағытында жұмыстар атқарып келе жатыр.

Айта кетейік, Бердияр Есбатырұлы Қалымбетов 1957 жылдың 9 қарашасында Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Қаратөбе елді мекенінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ауыл шаруашылығын механизациялау және автоматтандыру Ғылыми Орталығының директоры болып қызмет етеді.