Түркістан облысында жасалған автоұрлықтар белгілі болды

0
1 441

Түркістан облысында биылғы жылдың 6 айында ұрланған автобөлшектерді саудаға салған 10 тұлға жауапкершілікке тартылған.


Түркістан облысында жасалған автоұрлықтар белгілі болды

Түркістан – ERNUR.KZ. Түркістан облысында ұрланған автобөлшектер базарларда сатылмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында жыл басынан бері 325 автокөлік ұрлығы тіркеліп, оның 134-і ашылған. Ал өткен жылдың дәл осы мерзімінде 361 ұрлық фактісі тіркеліп, 121 ашылған болатын. Автокөлікке қатысты ұрлық фактілерінің былтырғы жылдың алты айында 253 қылмыс ашылмай қалса, биылғы жылдың жарты жылдығында 207 қылмыс ашылмай тұр екен. Оңтүстік өңірінде автокөліктен ұрланған заттардың басым бөлігі қуаттағыштар, яғни автоаккумуляторлар. Доңғалақтар мен автоайналар екінші орында. Бейнетіркегіштер үшінші орында болса, автомагнитофондар мен халықтың көлік ішінде қалдырған жеке заттарын ұрлау фактілері де жиі кездесетін көрінеді.

Мұндай сипаттағы қылмыстардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының аумағында 849 қызметкерден тұратын полиция кешенді күші күн түн демей жұмыс істейді. Оның ішінде 439-ы жол-патрульдік полициясы, 235-і №6506 әскери бөлімінің ұлттық ұлан сарбаздары екен.

"Ұрлықы заттар сауда орындарында қайта сатылмайды. Жұрттың көбі ұрланған автобөлшектер базарларда сатылады деп ойлайды. Бұл қате пікір. Ұрлықы автобөлшектерді ұрылар көшеде арзан бағада кезедесе кеткен клиентке немесе таныстарына сатып кетеді. Базарларға апарып саудалайтындар некен саяқ. Автобөлшектер саудалайтын базарларда мұндай заттарға сұраныс та жоқ. Өйткені, шет елдерден әкеліген арзан бағада, құжатталған бөлшектер жетерлік. Ал ұрланған қуаттағыштарды Шымкентте орналасқан түрлі түсті темір қабылдау орындарында қабылдайды. Полияция қызметкерлері тәулік бойы ахуалды бақылауда ұстайды. Профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрамыз", - дейді Түркісан облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Бұрханов.

Атап айтсақ, биылғы жылдың 6 ай көлемінде автокөлік ұрлығы бойынша ҚР ҚН нің 188 бабымен 37 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 5-еуі қайта қылмыс жасағаны үшін жазаланған. 37 тұлғаның 134 қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденіп, сотқа жолданған. ҚР ҚК нің 188 бабы, яғни ұрлық жасау, бөтеннің мүлкін иемдену бабының 1-ші бөлігі бойынша 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 3 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза көзделген. Осы баптың 2-ші бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп және 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынып, 5 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Түркістан облысында биылғы жылдың 6 айында ұрланған автобөлшектерді саудаға салған 10 тұлға жауапкершілікке тартылған. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізгені үшін ҚР ҚКнің 196 бабымен жауапкершілікке жүктеледі. Бұл баптың жауапкершілігі 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, 75 тәулікке қамаққа алу немесе 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады.