Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

0
2 387

Сарыағаштықтар жер сілкінісін сезінді.


Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

Өзбекстанда Республикасында орыналған жер сілкінісі Түркістан облысында сезілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР ІІМ ТЖК Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 13 наурыздан 14 наурызға қарған күні Астана уақытымен 03 сағат 31 минутында жер сілкінісі тіркелді,

Зілзала ошағы Алматы қаласынан 604 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орын алған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 5,1. Жер сілкінісінің кіндік нүктесі Өзбекстан Республикасы болып отыр. Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілген.