Түркістан облысындағы мемлекетаралық мәселе оң шешімін тапты

0
907

Тұрғындар дән риза.


Түркістан облысындағы мемлекетаралық мәселе оң шешімін тапты

"Нұр Отан" партиясының араласуымен мемлекетаралық мәселе шешілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ең алдымен тарқатып айтар болсақ, "Nur Otan" партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалына Алпамыс батыр ауылдық округі әкімінің міндетін уақынша атқарушы Д.Оразалиевтен ұсыныс хат келіп түскен. Ол хатта ауыл округінің шекара маңында Өзбекстан Республикасы тарапынан қоқыс полигоны өртеніп, өрттен шыққан сасық түтінге халықтың наразылығы туындап жатқаны және мәселені шешу бойынша бірлесе жұмыс атқару ұсынылған екен.

Осыған байланысты, хатта көтерілген мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Жұмабеков Өзбекстанның Ташкент ауданы әкімінің орынбасары Р.Хайдаровпен хабарласып, қоқыс полигонындағы түтінді тоқтату мәселесін көтерген.

Нәтижесінде, үш күн мерзімнің ішінде аталған қоқыс полигонындағы түтін тоқтатылды. Оған қоса, Өзбекстан Республикасы тарапы алдағы уақытта келеңсіздікті жою және қайталанбауы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы аудандық филиалға фото және аудиожазбамен есеп жолдап, көтерілген мәселе оң шешімін тапты.

Еліміздің бас партиясының өкілдері жедел қарап, мәселенің оң шешілуіне атсалысқанына жергілікті тұрғындар дән риза. Сондай-ақ, мұндай жағдайдың алдағы уақытта қайталанбайтыны да партия мен халық арасындағы байланысты жақсарта түскендей.