​Түркістан облысындағы Стоматология ассоциациясы халықаралық конференция өткізді

0
1 051

Түркістан облысындағы Стоматология ассоциациясы халықаралық конференция өткізді


​Түркістан облысындағы Стоматология ассоциациясы халықаралық конференция өткізді

фото: www.trental.ru

Түркістан облысындағы Стоматология ассоциациясы халықаралық конференция өткізді – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Конференцияның негізгі мақсаты – стоматологиясына саласын дамыту. Соңғы жылдары бұл салаға елімізде ерекше көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Ақ халаттылар бас қосқан іс-шараға қазақстандық стоматологтар мен шет елдің бірқатар тәжірибелі мамандары қатысты.

Қазақстан Стоматология ассоциациясы Түркістан облыстық филиалының директоры Көмекбай Қайқыбасов өз сөзінде стоматология саласының қарқынды дамып келе жатқанын, жеткен жетістіктердің де аз еместігін айтып өтті.

«Бұрын бір тісті емдету үшін шет ел ассақ, қазір сапалы қызметтің бәрін жергілікті мамандарымыз көрсетіп келеді. Стоматология саласында күн сайын жаңалықтар енуде. Осы емдеудің заманауи тәсілдерін жергілікті мамандарға үйретуді мақсат тұтып отырмыз», - деді.

Халықаралық конференцияға Өзбекстаннан келген мамандар да қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, Стоматология ассоциациясы тісі мазалаған жандарға кеңестерін беріп, әрдайым қол ұшын созуға дайын екендіктерін білдірді.