Түркістан облысындағы цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді

0
934

Шипалы сусын 1800 метр тереңдіктен алынады екен.


Түркістан облысындағы цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді

Арыс қаласында жылына 15 млн минералды су өндіретін цех жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн литр минералды су өндіреді. Аталған жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды. Бүгінде бұл цехта 50 адам жұмыс істеп, тәулігіне 15 мың құты су шығарып отыр. Минаралды, шипалы сусын 1800 метр тереңдіктен алынады екен.

Атап өтсек, минералды судың емдік қасиеті мол. Ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Қазіргі таңда серіктестік 0,5; 1; 1,5; 5; 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су құйып шығарады. Қазірге дейін өнім Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына жөнелтіліп келген. Алдағы уақытта Арыс минералды суын республиканың басқа да облыстарына шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған серіктестік 30 млн теңге қаржы жұмсап, емдік монша да салған. Келушілердің денсаулығына пайдасы бар моншада бір уақытта 80 адамға қызмет көрсетіледі.