Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 4 бірдей адам қаза тапты

0
3 629

Көлік жанып кеткен.


Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 4 бірдей адам қаза тапты

Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағында ірі жол көлік оқиғасы орын алды. Алматы-Ташкент-Термез тас жолында "Ауди" жеңіл автокөлігі мен "Камаз" және жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 4 адам қайтыс болды. Тағы бір адам аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 2 тамыз күні кешкі уақытта болған. Шымкент қаласына қарай бағыт алған жүк көлігі қарама қарсы бағытқа шығып кетіп, "Ауди" маркалы жеңіл көлігі мен "Камаз" көлігіне соқтығысып, содан соң жанып кеткен. Жол көлік оқиғасының салдарынан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды, ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жетпестен көз жұмды. Сондай-ақ "Ауди" көлігінің бір жолаушысы дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді. "Камаз" көлігінің жүргізушісі дін-аман.

"Қазіргі таңда аталған жайыпт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән жайын анықтап жатыр," - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.