​Түркістан облысындағы «Жасыл елден» 500-ден астам жас несібесін тауып жүр

0
1 167

9 жылдан бері 13 мыңнан аса жастар "Жасыл ел" бағдарламасымен жұмыс істейді


​Түркістан облысындағы «Жасыл елден» 500-ден астам жас несібесін  тауып жүр

Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, "Жасыл ел" еңбек жасағының қатарында жүрген 500-ден астам студент жастар бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара маусым айынан басталған. Бүгінгі таңда студенттер аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысуда. Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардың еңбек ақысының 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленеді.

2017 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастардың арқасында 117 елді мекендегі 6 мың метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыңнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мың га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды.

Елбасының бастамасымен құрылған еңбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жұмыс жасайды. Тоғыз жылдың ішінде өңіріміздегі 13 мыңнан аса жас көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған.