Түркістан облысындағы жазғы лагерьде жарыс өтті

0
4 091

Жарысқа спорттың 5 түрінен 200-ге жуық жасөспірімдер қамтылды.


Түркістан облысындағы жазғы лагерьде жарыс өтті

ERNUR.KZ. «Біркөлік шатқалы» лагерінде балалар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, Төлеби аудандық білім бөлімі сонымен қатар аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастыруымен Алатау ауыл округіне қарасты Екпінді елді мекеніндегі «Біркөлік шатқалы» жазғы сауықтыру лагерінде демалушы балалар арасында жарыс ұйымдастырылып, жарысқа спорттың 5 түрінен 200-ге жуық жасөспірімдер қамтылды. Аталған шарада кіші футболдан, арқан тартудан,көңілді старттан, шахматтан және волейболдан спартакиада ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

Жарыс нәтижесінде:

Футболдан І-орын Бірлік тобы, ІІ- орын Қыран-Жалын тобы, ІІІ- орын Бүркіт тобы.

Волейболдан І- орын Бірлік тобы, ІІ- орын Еркеназ тобы, ІІІ- орын Жалын тобы.

Көңілді старттан I- орын Қыран тобы ,II- орын Бүркіт тобы, III- орын Жалын тобы.

Шахматтан: І- орын Игілік Малика, ІІ- орын Исламбек Дінислам, ІІІ- орын Мухтар Қарақат.

Арқан тартудан: І- орын Еркеназ тобы, ІІ- орын Жалын тобы, ІІІ- орын Бүркіт тобы иеленіп жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталан іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.