Түркістан облысындағы жол сапасы қатаң бақылауда

0
598

Қазіргі таңда, анықталған ақаулықтарды жою бойынша тиісті шаруалар атқарылуда.


Түркістан облысындағы жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысында салынып жатқан жолдар арнайы топтың бақылауында, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Шардара ауданындағы облыстық маңызы бар «Шардара-Арыс-Темірлан» бағытындағы автомобиль жолындағы орташа жөндеуге қатысты бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Түркістан облысы филиалының «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК, техникалық қадағалаушы және мердігер мекеме өкілдерімен бірлесіп жүргізді. Нәтижесінде бірнеше сынамалар алынып, орын алған ақауларды қалпына келтіру жұмыстарының қажеттігі анықталды. Қазіргі таңда, анықталған ақаулықтарды жою бойынша тиісті шаруалар атқарылуда.

Айта кетейік, жыл басында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі туризмді дамыиу мақсатында оңтүстік аудандардағы жолдарды жөндеу керек екенін айтқан. Осы орайда қазір бірнеше ауданды қиып өтетін облыстық маңызы бар жолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біраз бөлігі жөнделіп біткен.