​Түркістан облысының әкімі: БАҚ саласындағы әйел азаматтардың еңбегін ерекше атап өткім келеді

0
2 318

Сонымен қатар, аталмыш кештің осы саланың ардагерлері мен ең жас журналистерге дейінгі буынының бірге отырып, танысуға, пікір алмасуға қолайлы сәт екендігін де айтып өтті.


​Түркістан облысының әкімі: БАҚ саласындағы әйел азаматтардың еңбегін ерекше атап өткім келеді

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында Байланыс және Ақпарат қызметкерлерінің күні табиғат аясында, тау бөктерінде аталып өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы демалыс аймағында өткен мерекеде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев БАҚ өкілдерін құттықтап, алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтарды табыс етті.

Құттықтау сөзін күні-түні тынбай шапқылап жүріп жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің демалуға мүмкіндігі болмайтынын, сондықтан да табиғат аясында құттықтауды жөн санаған облыс әкімі сөз арасында сала мамандарының арасында әйел азаматтардың көп екендігі мен олардың еңбегі ерен екендігін де атап өтті.

«Құрметті ҚР қаламгерлері, БАҚ өкілдері!

Бүкіл Қазақстан тойлап жатқан БАҚ өкілдерінің, Сіздердің төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Қоғамда үлкен пікір қалыптастыратын, мәлімет беретін мына Сіздер. Бұл үлкен жауапты қызмет. Сол жауапты қызметте баршаңызға үлкен табыс тілеймін», - деді Жансейіт Түймебаев.

Сөз арасында облыс әкімі әйел журналистердің жеке өмірлеріне уақыт қалмайтынын, отбасылы ханымдардың жолдасы мен балаларына қарап жүріп қоғамдық мәселелерді көрсетуге арнайтынын ерекше атап айтып, алғысын білдірді.

«БАҚ өкілдерінің басым көпшілігі, 100-ден 80-і ханымдарға айналып бара жатыр. Осы ханымдардың рөлін ерекше атап өткім келеді. Кейде жолдасына, бала-шағасына, олардың мектебі, тәрбиесіне де уақыт қалмайды.

Ал жас журналист қыздарымыз да жеке өмірге уақыт таба бермейді. Сіздер өз өмірлеріңізді қоғамдық мәселелерді көрсетуге арнап отырсыздар. Сол үшін Сіздерге алғысымды білдіргім келеді», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аталмыш кештің осы саланың ардагерлері мен ең жас журналистерге дейінгі буынының бірге отырып, танысуға, пікір алмасуға қолайлы сәт екендігін де айтып өтті.

Керемет кеш БАҚ өкілдерінің арасындағы үздік танылған қызметкерлер мен журналистерді құттықтаумен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты.