​Түркістан облысының әкімі бірнеше кәсіпорының жұмысымен танысты

0
1 812

Түркістан қаласы. Өндірісте 120 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Түркістан қаласының халық саны - 162,9 адамды құрағандықтан күнделікті нанға сұраныс 38.800 тоннаны құрайды.


​Түркістан облысының әкімі бірнеше кәсіпорының жұмысымен танысты

Түркістан қаласының халық саны - 162,9 адамды құрағандықтан күнделікті нанға сұраныс 38.800 тоннаны құрайды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев алдымен «Яссы нан» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысудан бастады. Өңір басшысын кәсіпорын жетекшісі Насиба Атаева зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2016 жылы құрылған «Яссы нан» наубайханасы бастапқыда «Ақ жол» ЖШС-нің, әрі қарай «Яссы құрылыс» жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Қазіргі таңда наубайхана нан өнімінің 40 түрін және шұжық өнімінің 15 түрін шығарады. Өндірісте 120 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Түркістан қаласының халық саны - 162,9 адамды құрағандықтан күнделікті нанға сұраныс 38.800 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда «Яссы нан» наубайханасы тәулігіне 13,7 тонна нан өндіріп, сұраныстың 35% қамтып отыр. Нан өніміне сұранысты ескере отырып, басшылық нан өнімін шығаруды ұлғайтуды шешіп 2018 жылдың қараша айынан бастап өндірістік қуаты тәулігіне 28 тоннаны құрайтын жаңа инновациялық жабдықтармен жабдықталған цехтың техникалық ашылуын бастады. Бұл қаланың нан өніміне деген сұранысын 100% қамтиды.
Наубайхананың кеңейуіне 1,5 млн теңге инвестиция жұмсалып, 10 адамды жұмыспен қамтыды (Чехословакияда жасалған жабдықтар сатып алуға 1 млн евро және жаңа цех салу үшін 380,0 млн теңге жұмсалған). «Нур-Строй ЛТД» ЖШС-нің Түркістан қаласы филиалын аралап көрген аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлын кәсіпорын жетекшісі Сарсенбай Тұрғанбаев жұмыс барысымен таныстырды. Темір-бетон бұйымдарын, кірпіш, құм-тас өнімдерін өндіретін мекеме 2008 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мұнда 200-ге тарта қызметкерлер мен жұмысшылар жұмыс жасауда.
Заманауи және серпінді дамып келе жатқан кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты - темірбетон бұйымдары мен әртараптандырылған құрылыстардың құрылымы. Компания өнімдерді жасаудың барлық кезеңдерінде заманауи басқару және өндірістік есепке алу жүйесін енгізді. Өңдеу кешені табиғи қиыршық құмды, сондай-ақ түрлі фракциялардың қиыршық тасын шығарады. Алдағы уақытта Испаниядан 450 млн теңгені құрайтын тәулігіне 400 метр құрылыс плитасын шығаратын құрылғыны (станок) орнату жоспарлануда.
Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлының сөзінше кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шаралар өз жемісін беруде. Өз кәсібін ашқысы келетін жас, болашақ кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беру мен әкімдік тарапынан қолдау білдіру жолға қойылған. Сондықтан да қалада осы секілді және индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындар жұмысы жанданып, экономикалық өсімге айтарлықтай оң ықпал жасауда.