Түркістан облысының чемпионаты өтіп жатыр

0
1 540

Жеңімпаздар ел бірішілігіне жолдама алады


Түркістан облысының чемпионаты өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Түркістан облысының жас былғары қолғап шеберлері күш сынасып жатыр.

Түркістан облысының 2001-2002 жылы туған жас боксшыларының арасында облыс чемпионаты басталды. Аталған жарыс Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда 3 күн бойы жалғаспақ. Аталған біріншілікке облыстағы аудан, қалалардан келген 10 команда 11 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр.

Айта кетейік, 70 ке жуық жас спортшылардың арасынан шыққан жеңімпаздар ақпан айының 17-23 күндері Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алады.

Ақпарат көзі: Түркістан спорты