​Түркістан облысының кәсіпорындары үздіктер қатарынан көрінді

0
1 340

Байқауға қатысқан түркістандық компаниялардың барлығы дерлік әр номинация бойынша жеңімпаз атанды.


​Түркістан облысының кәсіпорындары үздіктер қатарынан көрінді

Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКСПО» конгресс-орталығында отандық кәсіпкерлерге ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің дипломдарын табыстау салатанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, тұңғыш рет "Атамекен" ҰКП ұйымдастырған "ALTYN OIMAQ" байқауының, дәстүрлі "ІСКЕР", "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ", т.б. сыйлықтарының жеңімпаздары да анықталды.

Бүгін қазақстандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің еңбегі жоғары деңгейде бағаланған күн болды. Дәстүрге сай, ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еліміздің ірі, орта және шағын бизнес өкілдері жоғары марапаттарды иеленді.Сапа мен дамуды алдыңғы орынға шығарған отандық кәсіпкерлерді маңызды шарамен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Биыл "Алтын сапаның сыйлықтарына шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріның арасынан 200-ден астам кәсіпорын үміт артқан болатын. Үздіктерге марапаттарды ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ҚР Парламенті депутаттары табыстады.

Ал "Қазақстанның үздік тауарлары" байқау-көрмесіне республика бойынша биыл мыңнан астам кәсіпкер ат салысып, олардың 153-і облыстар деңгейінде озып шықты. Бұл байқау бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша 9 жеңімпаз кәсіпорынға тиесілі жүлделер берілді.

Байқауға қатысқан түркістандық компаниялардың барлығы дерлік әр номинация бойынша жеңімпаз атанды.

«Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Құдайбергенов» жиhаз фабрикасы марапатталды.

2005 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан бұл кәсіпорын орындықтар, үстелдер мен қыш бұйымдарын өндіріп, 100-ден аса адамды жұмыспен қамтуда.

ЖК «Құдайбергенов» жиһаз фабрикасы теңдесі жоқ бірегей технологияны қолдана отырып орындықтар шығарумен айналысатын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша ортопедиялық бұйымдар шығаратын “Marai E7 Group” ЖШС жеңімпаз атанды!

«Marai E7 Group» ЖШС-ның медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыты Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған, жылына 500 мың бинт пен 274 мың ортопедиялық бұйым әзірленеді. Зауыт өнімі түрлі сынық-жарақатта қолданылып, салмағының жеңілділігі, эластикалық иілгіштігі, рентген өткізгіштігімен және жылдам қатаюымен ерекшеленеді.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын "DALA-FRUIT.KZ" компаниясы Үздік танылды!

Жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» компаниясы өнімін білмейтін жан жоқ шығар. 250 гектар жерді алып жатқан интенсивті алма бақтары облысымыздың Сайрам ауданында орналасқан. Жылдық қуаттылығы 8000-10000 тонна.

Ал түркістандық «Grand Miks» жиhаз фабрикасы «Іскер» премиясы жеңіп алды.