​ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
3 605

Бас қосуға ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.Сақбайұлы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы келіп қатысты.


​ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

фото: Түркістан облысы баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Түркістан қаласында «Арайлы Астана 20 жыл белесінде» мақсатында бас қосқан облыс аумағынан жиналған имамдар түркі жұртының қасиетті құт мекені саналатын Түркістан қаласының облыс орталығы атануына байланысты діни сауаттылықты арттыру, Елбасының бастамаларын жүзеге асыру мақсатында бас қосты, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Бас қосуға ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.Сақбайұлы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы келіп қатысты. Жиында сөз алған ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.Сақбайұлы жалпы діни тұрғыдан орын алып жатқан кемшіліктер, кереғар діни ағымдардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру сынды мәселелерді айтып, имамдармен еркін сұхбат жүргізді.
Сондай-ақ жиын қалалық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Б.Сақбайұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз басшылығында Түркістан облысы бойынша өкіл имамы етіп Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды. Н.Тағанұлы осы уақытқа дейін ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарып келген.
Сонымен қатар, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз сөз соңында Түркістан облысында имамдардың білімін қайта жетілдіретін институттарын, ғылыми зерттеу және «Яссауи» медресесі сынды орталықтарын ашуды сондай-ақ «Ұлы Жібек жолы» Еуразиялық жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан форумды 2019 жылы Түркістан қаласында өткізілетінін жеткізді. Жиын соңында қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов өткізіліп жатқан шараның киелі өңір үшін ықпалы орасан зор екендігін айтып, жылы лебізін білдірді.