​Түркістан облысының оқушылары музей экспозициясымен танысты

0
1 917

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысының мектеп оқушыларынан құралған «Облыс тарихы-2018» атты керуен-шеруі облыс орталығы Түркістан қаласына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.


​Түркістан облысының оқушылары музей экспозициясымен танысты

ERNUR.KZ.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысының мектеп оқушыларынан құралған «Облыс тарихы-2018» атты керуен-шеруі облыс орталығы Түркістан қаласына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған керуен-шеруіне Түркістан облысының әр ауданынан үлгілі оқитын көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларынан шыққан және тұл жетім 10 мектеп оқушыларынан құралған 150-ден аса бала қатысты.
Еліміздің өскелең ұрпақтары Қожа Ахмет Ясауи және хан, сұлтан, батыр бабалар мен аналар рухына құран бағыштап, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің экспозициясымен танысты.