​Түркістан облысының полицейлері өзбекстандық әріптестерімен кездесті

0
1 002

Маңызды басқосуда қатысушылар екі елдің ішкі істер органдарының қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара байланысты нығайтуды сөз етті.


​Түркістан облысының полицейлері өзбекстандық әріптестерімен кездесті

Түркістан облысының полицейлері Өзбекстандық әріптестерімен кездесті. Онда экстремизмге қарсы күрес және заңсыз көші-қон мен шекаралық ынтымақтастық жайы талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Маңызды басқосуда қатысушылар екі елдің ішкі істер органдарының қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара байланысты нығайтуды сөз етті. Бүгінгі таңда трансұлттық және есірткі тасымалдаудың өсу қаупі, көші-қон процестері мен криминогендік ахуалды бақылауды күшейту керек.Бұл ретте, екіжақтың тәртіп сақшылары бірлесе отырып жұмыс аса маңызды.

Айта кетейік, бүгінде құқықтық база – Қазақстан мен Өзбекстан арасында шекаралық аймақ жөніндегі өзара келісім мен байланыс, халықаралық келісім-шарттар бар. Екіжақты кездесудің нәтижесінде қылмыспен күрес және шекаралық ынтымақтастық саласы бойынша бірлесіп ұйымдастыратын және іс жүзінде жүзеге асыратын бірқатар құжаттарға қол қойды.

Аталған кездесуде Өзбекстан ішкі істер министрлігі Ұйымдастыру департаментінің бастығы Шухрат Норгитов екі елдің ынтымақтасығын сақтап, қылмысқа қарсы күресте байланысты нығайта түсетіндіктерін жеткізді.