​Түркістан облысының полицейлері сиыр ұрлаған адамды ұстады

0
1 923

Күдікті сиырды сойып, етін сатып жіберген


​Түркістан облысының полицейлері сиыр ұрлаған адамды ұстады

Ордабасы АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданған, онда ол үйінің ауласында тұрған сиыры жоғалып кеткені туралыкөрсеткен. Аталған жайт СДТБТ-не «ұрлық» бабымен тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 150 мың теңгені құрап отыр.

Ордабасы АІІБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын анықтап ұстады. Тергеу барысында күдіктінің сиырды ұрлап, сойып, ет ретінде өткізіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Қазіргі таңдамал ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Ер-азаматтың басқа даосыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жайылым жерлер мен мал қораларындағы малдарына ие болуын сұрайды. Мүмкіндігінше, жайылым жерлерге жібергенде арнайы малшы жалдап,малдарғаа таңба мен ен салып,мал қораларын бекітуін ескертеді.

Бұл алдын алу шараларының барлығы да малдардың амандығы үшін, ал полицейлердің мал ұрлығы орын алған жағдайда жедел әрекет етіп, мал ұрлаушыларды ұстап, малды заңды иелеріне қайтаруға көмегін тигізеді.

Егерде сіз мал ұрлығының құрбаны болсаңыз,тез арада ішкі істер органдарының «102» телефонына хабарласуын сұрайды. Осылайша қылмыстың тез арада,«ізін суытпай» ашуға септігін тигізесіз.