Түркістан облысының полицейлері тонаумен айналысқан азаматты ұстады

0
953

Егер де Сіз осындай қылмыстардың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» нөміріне полицияға хабар беріңіз.


Түркістан облысының полицейлері тонаумен айналысқан азаматты ұстады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Түркістан облысының полицейлері тонаумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан ҚІІБ-нің кезекші бөліміне орталық ауруханасынан 30 жастағы азаматтың дене жарақатымен дәрігерлік көмек алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары белгісіз азаматтың ұрып-соғып күш қолданып, құны 60 000 теңге тұратын ұялы телефонын және 20 000 теңгесін тартып алып кеткенін анықтаған.

Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Қызылорда облысының тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-нің «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, күдіктінің басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Егер де Сіз осындай қылмыстардың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» нөміріне полицияға хабар беріңіз.