Түркістан облысының таулары насихатталды

0
2 299

Фестиваль аясында 3,5 шақырым жолды құрайтын биіктікке жүгіру спорттық жарысы өткізілді.


Түркістан облысының таулары насихатталды

Түркістан облысы, Бәйдібек аудынында "Бұл-біздің таулар" тау фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фестиваль Түркістан облысы Туризм басқармасының қолдауымен "OpenKazakhstan" ЖШС-нің ұйымдастырумен Сырдария-Түркістан Мемлекеттік Өңірлік Паркі, Боралдай филиалы, "Қарағай" шатқалында ұйымдастырылды.
Аталған шараға келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев фестиваль аясында ұйымдастырылған фотокөрменің, сондай-ақ жаңа туристік маршрутардың жұмысымен танысты.
"Осы туризмді мектептеге барып оқушыларға насихаттасақ деймін. Облыс бойынша туристік нысандарға дұрыс жүйе құрып жастарымызға түсіндіруіміз керек. Себебі қазіргі жастар мобильді. Осындай маршруттарды өзара тез таратады, басқа облыстың жастарына да жылдам жеткізе алады. Осылайша ішкі туризмді насихаттай отырып, сыртқы туристерді де тартуға болады", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Бұдан бөлек, фестиваль аясында 3,5 шақырым жолды құрайтын биіктікке жүгіру спорттық жарысы өткізілді. Жарысқа жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлініп жастар өзара ұзақ жолды бағындырды.
Сонымен қатар, шара барысында "Поэзия жанры" ақын Тоқаш Бердияров жүлдесіне, "Тарихи-рухани объектілері" Кеңес Исмайлов жүлдесіне, "Табиғи объектілері" Алексей Гончаров жүлдесіне бірқатар азаматтар марапатталды.
Сондай-ақ, шығармашылықпен айналысатын азаматар да "Көше әндері","Біздің таулар" фотокөрмесі, "Үздік жаңа туристік маршурут" номинациялары бойынша үздіктер анықталып, қошеметке бөленді.
Мерекелік кешті фестивальге атбасын бұрған еркіті жастар ән айтып, би билеп келген қонақтандың көңіл-күйін көтеріп, аталмыш шараны қыздыра түсті.