Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекстанда таныстырылды

0
1 236

Іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдары қатысты.


Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекстанда таныстырылды

Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы жылы аясында туризм саласын жандандыру мақсатында екі жақты кездесу жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдары қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып,Өзбекістанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттар ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып бірқатар келісімдерге келді.

«Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы 5 га аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберханалар жұмыс істейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Сузук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған. Ал, «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шеберлер орналасқан.