Түркістан облысының ҰБТ бойынша көрсеткіші өсті

0
1 908

Тестілеуге кірген түлектердің арасында әлдебір пысықайларға сеніп, тапсырмаларды орындамай уақыт оздырып алғандар да болды


Түркістан облысының ҰБТ бойынша көрсеткіші өсті

фото: otyrar.kz.

ERNUR.KZ. Облыстың ҰБТ бойынша орташа балы өсті. Былтырғы көрсеткіш 76 - ны құраса, биыл түлектердің орташа балы 79,6 балға жетті. Бұл туралы бүгін тестілеу қорытындысын түйіндеген Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.

"Биыл ҰБТ-ге қатысқан түлектердің қатары жылдағыдан көп. 22 мыңнан астам түлек тестілеуге кіргізілген. Былтырғымен салыстырғанда 800 оқушыға артқан. 100 баллдан жоғары жинағандар 23 пайызды құрап, былтырғыдан 7 пайызға артыпты. Шекті деңгейден өтпегендер саны 2 жарым мыңнан асады. Десе де жинаған балына күмәнданған түлектер де аз болмаған. Алайда, тестілеу орталығына жіберілген 4 түлектің уәжі расталмаған. Сынақ ережесін бұзғаны үшін 5 оқушы аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылған. Тестілеуге кірген түлектердің арасында әлдебір пысықайларға сеніп, тапсырмаларды орындамай уақыт оздырып алғандар да болды", - дейді облыстың бас мұғалімі.

Сонымен қатар, Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов "ештеңе істемей «өзіміз көмектесеміз» деп айтқан соң боямай отыра берген оқушылардың болғанын және әлі кінәліні анықтайтындықтарын да айтты.

Дегенмен, сала басшысы биылғы тестілеу нәтижесі көңіл қуантарлық деп отыр. Бейресми рейтинг бойынша биыл күнгей түлектері 15-ші орыннан 11-ші орынға жылжыған.

Дереккөз: otyrar.kz.