​Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

0
2 429

Жыл қорытындысы бойынша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті.


​Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал – майоры Қайрат Дәлбеков үздік полиция қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл қорытындысы бойынша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті.

«Біздің салада батыл да батыр, халыққа жақын, елдің тыныштығын сақтауға аянбай қызмет ететіндер жұмыс атқарады. Бірлікте атқарған жұмысымыз жоғары бағалануда. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын! Қиын да қауіпті саладағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін», - деді полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жарлығымен пандемиямен күрес кезіндегі жемісті еңбектері үшін «Халық алғысы» медалімен Медицина бөлімінің басшысы Мәлік Иватұлы, ЖПҚ басқармасының инспекторы полиция майоры Нұрлан Тұмабаев, патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымжан Жақсылықов марапатталды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасына «Үздік тергеуші» полиция майоры Бекзат Матенов, «Үздік криминалист» полиция майоры Фархат Баятаров, «Үздік жедел уәкіл» Ермек Шәкім, «Үздік анықтаушы» Әлімжан Тасбауов, «Үздік патрульдік полиция қызмет инспекторы» полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік ие болды. Кәсіби шеберлігі мен қырағылығын көрсеткен тәртіп сақшылары еңбектерінің ескерілгеніне риясыз алғыстарын жеткізіп, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге уәде берді.