​Түркістан облысының жаңа ауданында велошеру өтті

0
1 499

Мәренің қашықтығы 27 км құрады.


​Түркістан облысының жаңа ауданында велошеру өтті

Түркістан облысы Келес ауданында жастар арнайы велошеру өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арнап жас мамандар 27 велосипедпен мерекелік велошеру өткізді. Айтулы шараны Келес ауданындағы №13 колледж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Қожабеков пен жастар істері жөніндегі инспектор Ербол Мамбетовтердің ұйымдастыруымен өтті.

Велошеру сөресі №13 колледж маңынан басталып, Т. Рысқұлов көшесі арқылы «Біртілек әкімшілігі» маңындағы мәреден аяқталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция халықты спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға, велоспортты насихаттауға бағытталған. Бұдан бөлек, мерекелік шара Тәуелсіздік үшін жанын қиған батыр елдің ерлігіне тағзым етуді көздейді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде велоспорттың танымалдылығы артып келеді. Мәселен, Алматыда өткен соңғы велошеруге үш мыңнан астам адам қатысқан. Міне осыны үлгі ретінде аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау болып табылады. Алдағы уақытта бұл велошеру дәстүрге айналдырып қатысушылар санын арттыру.